USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Депутаттар ұлттық деңгейде карантин шараларын енгізуді ұсынды

  • 17.июня.2020, 17:00,
  • 423

Мәжіліс депутаттары коронавирус жұқтыру деректерінің көбеюіне байланысты ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар енгізуге шақырды. 


"Ақ жол" фракциясының депутаттары өз депутаттық сауалын премьер-министр Асқар Маминге жолдады.


Мәжілісмен Меруерт Қазбекова шектеулер алынғаннан кейін, бірқатар өңірде вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.


Депутаттың айтуынша, ауруханаға жатқызбау, провизорлық орталықтарда адамдардың көптігінен процедуралардың орындалмауы, медициналық қызметкерлерге қорғану құралдарының жетпеуі туралы шағым түсіп жатыр.


"Індеттің өршуіне адамдардың қауіпсіздік талаптарын елемеуі себеп болғаны сөзсіз. Сол себепті біз жағдай ушығып тұрған аймақтарда карантинді күшейтуді қолдаймыз", - деді депутат.


Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы үкіметтен ауру белгілері бар адамдарды ауруханаға жатқызу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрады. Қажет болса, шалғай ауылдардың тұрғындарын тестілеу үшін және ауруларды бос емханаларға эвакуациялау үшін санитарлық пойыз ұйымдастыру керек, деп санайды депутаттар.


"Халықты тестілермен қамтамасыз ету қажет, соның ішінде тұрмысы төмен азаматтарды тестен тегін өткізген жөн. Ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз", - деді Қазбекова.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.05.2020
21.04.2020
27.03.2020
26.03.2020
04.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930