USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Жолдауының негізгі сипаты

  • 02.қыркүйек.2020, 16:21,
  • 522

1 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Қазір жұртшылық «Бұл Жолдаудың өзге «жолдаулардан» қандай айырмашылығы бар?», «Ондағы айтылған мәселелер орындала ма?», «Оны орындауға қазіргі билік жүйесі дайын ба?» деген сұрақтарды қоя бастады. Себебі, осыған дейінгі мемлекеттік тәжірибеде көптеген Жолдауларда көтерілген мәселелердің орындалуында жіберілген қателіктер сенімсіздік туындауына себеп болғанын жоққа шығара алмаймыз...


Қазақ халқының ұзақ тарихында «ел айырылған» және «ақтабан шұбырынды» деген қайғылы оқиғалар кездескен. Бұл оқиғалар халық санасында «зар заман» деген атпен мәңгілікке қалып қойған. Ол, негізінен «жоқтау» түрінде көрініс тапты. Мұны айтып отырғаным, қазақ халқы әруақытта «жоқтау» айта отырып, өмірдің құндылығын айшықты көрсете алған, сол арқылы болашаққа деген үміт шырағын жағып, ел болып жұмыла әрекет еткен екен. Бүгінде, адамзат «әлемдік пандемия» атты қауіпті қатерге ұшырады. Сондықтан, әлем халықтарымен бірге алаңдап отырған Қазақстан халқы да өз президентінен болашақтың үміт отын жағатындай, қазіргі қиын кезден халықты аман-есен алып шығып қана қоймай, сонымен бірге өз тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайта түсірудің нақты-нақты жолдарын күтті. Президент Қ.Тоқаевтың осындай қиын кезде жасаған Жолдауы халық күткен үдеден шыға алды деп ойлаймын. 


Әрине, Жолдаудың айтылуы бар және оның орындалуы бар. Бұл екеуі бір нәрсе емес: мақсатты қою мен мақсатқа жету әруақытта бір-біріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан, Жолдау шыға салысымен сыни пікірлер онымен қатар өмірге келіп жатыр. Бұл – заңды. Алайда, тарихта дұрыс қойылған мақсаттың міндетті түрде іске асатыны, орындалатыны белгілі жағдай. Себебі, қиын кездерде туған мақсат барлық адамдарды − мейлі, олар әртүрлі көзқарастар мен ұстанымда болсын – біріктіреді. Өміршеңдікті көздеген ортақ мақсат – халықты жұдырықтай жұмылдырады. Ендеше, Жолдау шыққан алғашқы кезекте, сынамас бұрын, әуелі − Қазақстанның әрбір азаматы Жолдаудың пассионарлық қуатын анықтап, оның мазмұны қазіргі объективті жағдайға қаншалықты сай екендігін саралап алулары тиіс деп ойлаймын. Алғашқы пікір: Жолдау – елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа процесстерді ескере отырып, қауіпті жағдайдан шығудың бірден-бір, жеке-дара жолдарын толықтай және адекватты қарастыра алғандығы. Алғашқы кезеңде халық үшін ең маңыздысы да осы. 


Енді, Жолдаудағы барлығымыз үшін аса маңызды ортақ мақсаттардың түйінді жақтарына тоқталайық:


1. Қиын жағдайға мемлекеттің барлық ресурстарын халықтың әлеуметтік жағдайына қарай бұру және соған сай мемлекеттік басқару жүйесін ықшамдау және сәйкестендіру;

2. Осы жағдайда мемлекет пен халық арасында шынайы ашықтыққа қол жеткізіп, «тыңдаушы мемлекеттің» ғана емес, бүкілхалықтық диалогияның негізін қалыптастыру;

3. Дамуға кедергі болып отырған кедергілерді жою үшін бүкіл мемлекет пен халықтың жігерін бір арнаға тоғыстыру;

4. Өзінің тиімсіздігін көрсеткен көптеген басқару тетіктерін қайта қарап, оны Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық даму перспективасына және Ұлттық мүддеге бағындыру;

5. Әлемдік пандемия мемлекеттер мен халықтардың санасына қатты әсер ету арқылы өмір құндылығының бағасын арттырды. Осы жағдайды ескере отырып, адами қарым–қатынасты,  дүниетанымымызды, ұлттық мінезді, күнделікті әрекетті отаншылдыққа қарай бұру және бұл жағдайдан монолитті және бәсекеге қабілетті ұлт болып, қайралып шығу;

6. Ұлттық құндылықтарды тиянақтап, Қазақстан халқын Қазақстан мемлекетіндегі мемлекет құраушы ұлт – қазақ ұлтының мәдениеті мен дәстүрі, тілі төңірегінде топтастыру, Патриотизм ұғымын жаңа мағынамен толықтыру;

7. Әлемдік технология үрдісі жетістіктерін тиімді пайдалана отырып, еліміздегі ғылым мен білімнің дамуына серпін беру;

8. Елдің экономикалық іргетасын қалап, мемлекеттің дамуын қамтамасыз етуші кәсіпкерлік түрлерін жан-жақты дамыту, ауыл мен қала байланысын ретке келтіру, ішкі миграцияны экономикалық стратегиямен байланыстыру, әкімшілік кедергілерді жою.


Міне, мен өз елінің азаматы ретінде президент Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2020-Жолдаудың негізгі мазмұнын осылай қабылдадым. Жолдау мазмұны менің, отбасымның, немерелерімнің мүдделеріне сай. Әрине, оның орындалуы барысында әлі талай кедергілер кездеседі. Біз, сол кезде Қ.Тоқаевтың өз Жолдауында айтқанындай әділдік пен әділеттілікті алға ұстап, ол кедергілер туралы ашық түрде айтып отыратын боламыз. Ал, бұл жазбада Жолдаудың мазмұнына ғана тоқталған себебіміз, мақсат айқындығын анықтап алу еді.


Әбдірашит Бәкірұлы, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің философия кафедрасының аға оқытушысы. Философ-публицист


#жолдау #үндеу #президент #пікір #саясат

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.09.2020
29.08.2020
10.01.2020
01.08.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930