USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шетелдегі қазақтарды мемлекеттік қолдау жобасы әзірленді

  • 19.июня.2019, 21:00,
  • 575

«Отандастар қоры» қоры жанында Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылып, оның алғашқы отырысы өтті.

Елбасының шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды жан-жақты қолдау және көмек берудің шараларын жүзеге асыру тапсырмасын орындау мақсатында аталған кеңес құрылды.

«Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, «Отандастар қоры» тарапынан дайындалған «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының тұжырымдамасы сіздерге алдын ала таратылып берілген болатын. Оның тұжырымдамасы әлемдік тәжірибедегі қазіргі заманғы үрдістерге,  жинақталған тәжірибеге және қазақ мемлекетінің, қоғамның таяу әрі алыс болашағы туралы ғылыми, түбегейлі идеяларға негізделіп әзірленген. Қазақ диаспорасының құқықтық мәртебесін заңнамалық реттеудің қажеттілігі шетелде тұратын этникалық қазақтарға қолдау көрсету мәселелерін реттейтін бірыңғай арнайы құқықтық актінің жоқтығынан туындап отырғаны бәрімізге мәлім», - деді кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Өз кезегінде «Отандастар қорының»  вице-президенті Мағауия Сарбасов «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы тұжырымдама нұсқасының басты идеясын түсіндірді.

«Заң жобасының мақсаты - шетелде тұратын қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық базасын қалыптастыру. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, 44 елде 5 миллионнан астам қазақ өкілдері тұрады екен»,  - деді ол.

М. Сарбасовтың сөзіне қарағанда, аталған заң жобасы қандастар мәселелерін шешуде тиімді құжатқа айналады. Құжат аясында «Қазақ картасы», яғни тұлғаның қазақ халқының өкілі ретінде растайтын құжатты енгізу көзделген. Қазақ картасы қазақ тілін және салт-дәстүрінің сақталуы мен дамуына, сондай-ақ біздің елге этникалық қазақтардың қоныс аударуына септігін тигізеді деген сенім бар.

Оның айтуынша, заң жобасының тұжырымдамасында қазақ диаспорасын кешенді түрде мемлеттік қолдау, сондай-ақ қандастарды қолдаудың негізгі кепілдіктерін заң жүзінде бекіту ескерілген.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.06.2019
03.06.2019
31.05.2019
31.05.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930