Негізінен "ҰЛТТЫҚ ҚОР" болашақ ұрпақтарға қор жинауды қалыптастыру функциясын атқарады. Сондай-ақ, Ұлттық қордың негізгі мақсаты - тұрақтандыру функциясы. Республикалық бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендету. Мемлекеттігіміздің КЕПІЛІ.
Ұлттық Қордың және міндетіне мемлекеттің ішкі, сыртқы экономикалық қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделері жатады. Жасыратыны жоқ соңғы жылдары түрлі жағдайды желеу етіп өзін ақтамайтын «алып құрылыс жобаларына (ЛРТ, ЭКСПО, Пантеон т.т), ішкі сұранысқа (Самұрық-Қазына, ҚТЖ), шетелдік сатып алуларға», - деп қордан мақсатсыз қаржы шығындау етек алғаны да рас. Тіпті есепсіз офшорларға кеткен миллиардтар шығысы Ұлттық Қор мөлшерін он орайды. Осы күнге дейін халық оның активтерінің қайда салынып, қай биржада қалай жұмсалып жатқанынан да хабарсыз. Е.Досаевтың сөзіне сенер болсақ, бұл мемлекеттің "резервтегі қаржысының" түгесілуімен бірдей қауіпті "жарқабақ".
ПРЕЗИДЕНТ МЫРЗА! Елде әлеуметтік дефолт пен дефляцияның басы қылтиып тұрғандай. Болашағымыздың сыбағасы, әлеуметтік- экономикалық тұрақтылығымыздың, қауіпсіздігіміздің кепілі деп үміттеніп отырған «ҰЛТТЫҚ ҚОР-дың қазіргі ауыр жағдайы баршамызды алаңдатады....
2020 ж. ресми мәлімет бойынша қазіргі таңда еліміздің сыртқы берешегі 157 миллиард доллар. Бұдан қалай құтылмақпыз, ұлттық қор ақшасы мұны қайтаруға да жетпейді ғой. Кепілге қоятын бізде не қалды? Мораторийдің аяқталуы да тақап қалды. Халықтың қолындағы соңғы меншігі жерді үлестіреміз бе?.... Мұның соңы неге әкеледі? Еліміздің ертеңі не болмақ? Қазақ халқы шын мәнінде "Қаласың ба, Жойыласың ба" деген қауіпті жолайрыққа келгені ме?
Айтарым, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғау функциясы ҰҚК органының қызметі аясына кіреді. Ендеше, ҰЛТТЫҚ ҚОР деңгейінде мемлекеттің, халықтың несібесі талан-таражға түсіп, активтері құлдырап жатқанда экономикалық коррупциямен айналысатын ҰҚК мен Бас Прокуратура, Үкімет, өкілетті билік Парламент қайда қарап отыр?
ҰЛТТЫҚ ҚОР - шын мәнінде тікелей ел президентіне бағынатын жабық құрылым. Ұлттық қордың активтерін де ел президенті басқарады. Оны «Қадағалау кеңесіне» Премьер-министр, Парламент сенаты мен Мәжіліс төрағалары кіреді. Сондықтан да ҰЛТТЫҚ ҚОР-дың қазіргі ауыр жағдайының қалай боларын, және мәселені дұрыс шешуді Сіздерден сұраймыз.
Кеш болмай тұрғанда Үкімет отырысын шақырып, ғалым-экономистерді қатыстыра отырып, тығырықтан шығудың экономикалық кешенді нақты шараларын жедел қолға алу керек демекпіз. Барша халықтың назары қазір осы мәселеге ауған. Бұл жалғыз менің ғана емес, халқымыздың алаңдаушылығы деп білерсіз...
Нұрлыбай Қошаманұлы, Ақтөбе қаласы
#ашықхат #президент #ұлттыққор #үкімет #экономика