USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан Парламенті депутаттары каникулға кетті

  • 05.июля.2019, 16:30,
  • 467

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған Парламент төртінші сессиясын аяқтады.

«Бүгін біз алтыншы сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл дәстүр бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы мақсаттарға назар аударатын маңызды кезең. Әрине, қай қоғамда болса да, қай уақытта болса да заңның орны әрқашан да ерекше. Себебі, заң бар жерде әділдік, бостандық және тыныштық бар. Осы жолда Парламент еліміз үшін, халқымыз үшін көптеген қажетті заңдарды қабылдады. Онда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төртінші сессияның ашылуында берген тапсырмалары мен Қазақстан халқына Жолдауы басшылыққа алынды», - деп тоқталды ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.


«Сессия барысында қос палатаның 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің  41 және Сенаттың 26 жалпы отырысы өтті. Онда 319 маңызды мәселе қаралды. Жалпы, төртінші сессия басталған кезден 83 заң жобасы қабылданды. Оның ішінде 82 құжатқа Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енді», - деді Мәжіліс төрағасы.


Өткен сессияда Парламентте 20 Үкімет сағаты, үш парламенттік тыңдау, 24 «дөңгелек үстел» отырысы, комитеттердің 29 көшпелі отырысы, сондай-ақ төрт халықаралық конференция ұйымдастырылды. Олар өте маңызды еліміздің экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне арналды.



скачать dle 12.0
Фото авторы : egemen.kz
Тағы да оқыңыздар:
04.07.2019
20.06.2019
31.05.2019
31.05.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930