USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкімет стратегиялық жоспарға өзгеріс енгізеді

  • 29.июля.2020, 13:30,
  • 396

Қазақстан да әлемнің өзге елдері сияқты коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділік төмендеді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жаңа редакцияда жасалады. Ол елдің жаңа экономикалық бағытының орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарларын айқындайды, - деді Дәленов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, түзетулер кезінде экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға, импорттың орнын басуды тиімді дамытуға, өңдеуші өнеркәсіпте терең қайта өңдеуді дамыту бойынша жаңа экожүйелер қалыптастыруға, инвестицияларды таргеттеп тартуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыруға басымдық беріледі.

"Жаһандық жағымсыз трендтер жыл басынан бері Қазақстан экономикасына әсерін тигізуде. Қазақстан да әлемнің өзге елдері сияқты коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешуде. Ең көп зардап шеккен қызмет көрсету саласы, ол бірінші жартыжылдықта 5,6 процентке төмендеді", - деп атап көрсетті Дәленов.

Алайда экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Мәселен, тауарлар өндірісі 4,1 процентке өсті. Негізгі салалар - құрылыс (+11,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,8%).



#стратегиялықжоспар #үкімет 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30