"Соңғы жылдары Шымкентке жақын маңдағы аудандардан 146 мың адамнан тұратын 41 елді мекен қосылды. Бұл шағын аудандарда жарық, газ, су құбыры, кәріз, асфальтталған жолдар мен тротуарлар сияқты коммуналдық инфрақұрылым тиісті түрде жұмыс істемейді немесе мүлдем жоқ. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Шымкентті еліміздің үшінші мегаполисі ретінде дамытуға аса көңіл бөліп жатыр. Мемлекет басшысының қала шетіндегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары қысқа уақыт ішінде қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Елбасының тапсырмасы бойынша үкіметте құны 1 трлн. 284 млрд.теңге тұратын қала үшін маңызды құжатты қабылдады. Бұл жоспар қала дамуының жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік береді. Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлына қала тұрғындарына көрсеткен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді және жаңа әкім Ерлан Айтахановқа осы қиын жұмыста табыс тілеймін",-деп жазды қаланың экс-әкімі Instagram-да.