"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленді. Жобаны әзірлеудің негізгі идеясы - мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату арқылы өзін өзі дамытуға және шығармашылыққа мүмкіндік беру. Сондай-ақ кәсіби тұрғыдан дамуға және ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау жоспарланған. Сонымен қатар педагог мәртебесін арттыру, оларды ынталандыру міндеті көзделеді. Білім және ғылым министрлігі ұсынған жаңа заң жобасы жалпы осы міндеттерге сай келеді", - деді Үкімет басшысы Асқар Мамин.
Мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын 56 күнге дейін ұлғайтуға, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар көзделеді.