"Құрметті Арыстықтар, 12-15 шілдеге дейін Арыстан кетулеріңізді сұраймыз. В/ч тағы "Луналарды" (бомба) шығармақшы. Ол кезде қауіп төнуі мүмкін болғандықтан тұрғындарды қаладан шығармақшы", - деп жазылған хабарламада.
Жергілікті полиция қызметкерлері жалған мәлімет таратқан әйелді анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Азаматшаның көпшілік алдында кешірім сұрағаны бейнетүсірілім тарады.
Мен Арыс тұрғыны Жапқсылықова Роза Оспанхановна 12-15 шілде аралығында "Луна" бомбасы шығарылады деп WhatsApp желісі арқылы "Арыс қала" группасына картинка арқылы жібергенім рас. Сабыр сақтаңыздар. Жалған ақпарат жібергенім үшін кешірім сұраймын
"Осы жайт Арыс АПБ-нің СДТБТ-не тіркеуге алынды. Күдікті азаматша анықталып, оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оның не себепті жалған мәлімет айтқаны және толық мән-жайы анықталатын болады",- дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.