USD 540.78
EUR 618.65
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан мен Швейцария Президенттері қандай мәселелер қозғады

  • 22.қараша.2019, 15:00,
  • 520

Қазақстан үшін Швейцария саяси тұрғыда Еуропадағы өте маңызды серіктес. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Ең алдымен, Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурерге Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Маурер мырза бұған дейін біздің елімізге Қаржы министрі кезінде бірнеше рет келген болатын. Енді Президент ретінде алғаш рет келіп отыр. Біз Ули Маурер мырзаның Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз", - деді Мемлекет басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Швейцария басшысымен кең ауқымды әрі мазмұнды келіссөздер жүргізгенін жеткізді. Кездесу өзара сенім және түсіністік рухында өтті.


"Біз Қазақстан мен Швейцарияның мол мүмкіндіктерін пайдаланып, серіктестікті одан ары нығайтуға мүдделіміз. Бүгінгі жүздесу соның жарқын дәлелі. Өзара ынтымақтастықты дамыту достас халықтарымыздың ұзақ мерзімді мақсаттарына сай келеді деп сенемін. Саяси тұрғыда Қазақстан үшін Швейцария Еуропадағы өте маңызды серіктес", - деді Қ.Тоқаев.



скачать dle 12.0
Фото авторы : akorda.kz
Тағы да оқыңыздар:
25.09.2019
04.09.2019
31.05.2019
31.05.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031