Видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.
Кездесу барысында Тоқаев ортақ тарихы мен болашағын сөз ете кетті. Ол Украинамен саяси, сауда-экономикалық қатынастар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін сондай-ақ бұл үшін зор мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті.
Кездесу соңында Тоқаев пен Зеленский бір-бірін өзара мемлекетаралық сапарға шақырды.