USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан мен Қытай парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

  • 28.мамыр.2019, 10:59,
  • 596

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атынан осы жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV отырысына қатысу үшін ресми шақыру хатын табыс етті.

Ли Чжаньшу шақыру үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси және экономикалық тұрғыдан қуатты Қазақстанды қалыптастырудағы, сондай-ақ Қазақстан-Қытай қатынастарын дамытудағы көрнекті еңбектерін атап өтті.

- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қытайдың жоғары мемлекеттік наградасы - Достық орденін беру кезінде Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және оның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріне және Қытаймен ынтымақтастық орнатқанына жоғары баға берді. Си Цзиньпиннің осындай жоғары бағалауы өте сирек кездесетін жағдай, мен шетелдік көшбасшыларға қатысты осындай жоғары баға бергені туралы аз естімегенмін, - деді ол.

Тараптар сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, екі ел парламентшілері арасындағы байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Бұған қоса, Г. Исимбаева үстіміздегі жылдың 27 мамырында Фанченган қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Медициналық инновациялар және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумына қатысты.

Вице-спикер өз сөзінде Елбасымыз денсаулықты мемлекет дамуындағы негізгі фактор ретінде анықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қағидаттарын атап өтті. - Алдымызда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің бірі болу міндеті тұр, бұл денсаулық сақтау сапасының жоғары деңгейін білдіреді, - деді Г. Исимбаева.

Сонымен қатар, Вице-спикер Қазақстандағы денсаулық сақтауды жақсарту, халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуге қатысты реформалар туралы айтты.


скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930