USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Швейцария мен Үндістандағы елшілерді тағайындады

  • 04.қыркүйек.2019, 18:30,
  • 676

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария мен Үндістанда Төтенше және Өкілетті елшілерді тағайындады.

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.


Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарудан босатылды.


Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2019
19.07.2019
11.07.2019
02.07.2019
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031