"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков қызметінен босатылды", - делінген ІІМ хабарламасында.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметтік міндеттерін уақытша атқару осы комитет төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке жүктелді.