"Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.
Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, МҚІСҚА экс-басшысы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтөрағасы болып тағайындалған еді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылғаны жарияланды.