'Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 'Арыстан' қызметінің бастығы лауазымынан;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;
Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды', - делінген өкім мәтінінде.