"ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдинов Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген премьер-министрдің сайтында.
1986-1989 жылдар аралығында "Энергия"колхозында жұмысшы болып жұмыс істеді. 1989-1994 жылдары Алматы зооветеринарлық институтында мал дәрігері болды. 1994-1996 жылдары "Байторы" ӨК бас мал дәрігері.
1996-1998 жылдары Алматы облысы ІІБ-да қызмет атқарды. 1998-1999 жылдары Республикалық ветеринариялық зертханада жетекші маман болып жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары "ветеринариялық зертхана" РМК директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары "Орталық ветеринариялық зертхана" РМК Ақмола облыстық филиалының ветеринариялық зертханасының директоры қызметін атқарды.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зеренді аудандық аумақтық басқармасының бастығы. 2004-2007 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2007-2012 жылдары Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-
2018 жылдары Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі болды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.