USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҰҚК қауіпсіздік сертификаты жұмысын тексеруді аяқтады

  • 07.августа.2019, 09:30,
  • 509

Қауіпсіздік сертификатын тестілеу аяқталды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпсіздік сертификатын қолдану бойынша тестілеуді сәтті аяқтады. Киберде сондай-ақ ақпараттық кеңістікте де киберқауіптердің алдын алу үшін жүйе құрылды", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.


"Соңғы айда ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық фокус-орталығы сегіз миллионнан аса вирустық белсенділік фактісін және мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға жасалған 130 мың кибершабуылды анықтады. Бірқатар мемлекеттік органдарға қарсы кибертыңшылық фактілері анықталды".


"Сонымен қатар сертификатты енгізуге байланысты және байланыс операторларының желілерінің жұмысына әсері туралы сұрақтар зерттелді. Қауіпсіздік сертификатын қолдану болашақта кибер және ақпараттық шабуылдар түріндегі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген кезде Қазақстан азаматтарына алдын ала хабарлау арқылы жүзеге асырылады", - деп атап өтті комитет.


"Тестілеудің оң нәтижелеріне сүйене отырып, Ұлттық қауіпсіздік қызметі тестілеудің 7 тамыздан бастап аяқталғанын хабарлайды. Алдағы күндері ресми сайтта қауіпсіздік сертификатын алып тастау жөнінде нұсқаулық жарияланады". "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке деректерін сақтау туралы заңнамасын және уәкілетті органдардың заңсыз ақпаратты жою туралы талаптарын сақтау қажеттілігі туралы хабарлайды".


Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде жазды.


"Киберқалқан бағдарламасы б-ша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы - ҚР интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ", - делінген Президенттің жазбасында.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
05.08.2019
02.08.2019
29.07.2019
17.06.2019
13.06.2019
Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығы бойынша Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930