USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҰҚК мен ІІМ Маңғыстауда ірі арнайы операция жүргізіп жатыр

  • 29.июля.2019, 09:30,
  • 496

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда. Осы шаралар аясында, 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар.


Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ күштері мен құралдары тартылды.


"Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз. Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында. Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына жеткізілетін болады", - делінген ҚР Бас прокуратура хабарламасында. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Тұрар Қазанғапов
Тағы да оқыңыздар:
09.07.2019
02.07.2019
18.06.2019
13.06.2019
09.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031