Белсенділер бұған дейін қауіпсіздік сертификатына байланысты Нұр-Сұлтанда митинг өткізу туралы әкімдікке өтініш қалдырған, алайда жергілікті билік рұқсат бермеген.
Олардың айтуынша, мемлекет қауіпсіздік сертификаты арқылы азаматтардың жеке өміріне араласқысы келеді.
"Онсыз да БАҚ-та цензура бар. Енді азаматтық журналистика ретінде дамып келе жатқан әлеуметтік желідегі белсенділікті де шектегісі келеді. Кеше Нұр-Сұлтанда әлеуметтік желілерге VPN-сыз кіре алмадық. Тіпті Google-дың өзін пайдалану мүмкіндігінен айрылдық. Біз мемлекеттің адамдардың жеке өміріне араласуына, жеке кеңістігіне қол сұғуына қарсымыз", - деді белсенді Бэлла Орынбетова.