7 адам 2010 жылдың басынан бастап, Қазақстаннан шетелге қашып, сонда өмір сүруге мәжбүр болған. Осы 9 жыл арасында кейбірі шетел азаматтығын алып үлгерсе, кейбірі сол күйінде қазақстандық азаматтығында қалды.
Прокуратураның хабарлауынша, барлық күдіктілер тергеу амалдары жүргізілген кезде, кінәларын мойындап, құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен.
Әблязовтың БТА-да жұмыс жасағанда қылмыстық әрекеттерін іске асыру үшін, аталмыш қызметкерлердің көмегіне жүгінген сияқты. Енді сол қызметкерлер, амалсыздан бұрынғы басшысы үшін, заң алдында жауап беруге мәжбүр.
Негізінен БТА директоры шетелге қашқан кезде, сол қызметкерлерге де сондай нұсқау берген еді. Ал олар жымқырған қаражатты көрмегенімен, үрей сезімі басып, сонынан ерген болатын. Бірақ барлығы әртүрлі елдерге кеткен секілді. Кейбірі бала-шағасымен кетсе, енді басқалары жалғыз кетті. Шарасыздан және қылмыс жасауға көмек көрсеткенін мойындап, кінәні түсінгеннен қайта Қазақстанға оралған.
Қылмыстық кодекстің баптарына сүйене келе, олар 20-30 жыл шамасында айып алмайтыны түсінікті. Дегенмен, шамалы уақытқа болса да, түрмеге отыратыны хақ. Себебі, алаяқтық бойынша және басқа бағытта заң бұзушылықтар болған.
Ең бастысы, олардың көбісі қарапайым банк және қаржы қызметкерлері. Нәтижесінде тағдырдың жазғаны болар, кезінде БТА банкіге жұмысқа кіріп, бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталған бұрынғы басшының кесірінен, бүгінгі күнге балта шапқанмен тең.
БТА банк, Әблязов, алаяқтық, қылмыс