USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Митинг ұйымдастырушысы Азаматхан Әміртаймен сұхбат

  • 29.июня.2019, 06:00,
  • 1 602

Құрметті Алаш жұрты, назарларыңызға 30 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бейбіт митингтің негізгі ұйымдастырушысы – Азаматхан Әміртаймен өткен сұхбатты ұсынамыз. Сұрақтар стандартты түрде болмай, кейбірі ащы, әрі жауап беруге қтындық туғызды. Оқи отырыңыздар. 

Құрметті Алаш жұрты, назарларыңызға 30 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бейбіт митингтің негізгі ұйымдастырушысы – Азаматхан Әміртаймен өткен сұхбатты ұсынамыз.

 

  • Қатысушылардың саны шамамен қанша болады деп ойлайсыз? Олардың жас ерекшеліктері бойынша ше (жастар немесе ересектер басымырақ болады деп күтілуде)?
  • Қатысушылардың саны, біз үшін әлі белгісіз. Бірақ, біз 2 мың адамды жинауға рұқсат алдық. Ешқандай жас ерекшеліктері жоқ. Қай жастан болсын, адамдар келе береді. Оның үстінен, бұл – бейбіт митинг болғандықтан, жас балаларға дейін келуге болады. Міндетті түрде қауіпсіздік мәселесі қаралған. Бәрі тыныштық режимде өтеді. Қазақстанда елдің мәселесін көкейін жарып жүрген азаматтардың барлығы келеді деп ойлаймын. Өйткені, бұл – жақсы мүмкіндік, мемлекеттің рұқсат берілген митингіде айтып қалу, оны жеткізу. Митинг деген, ол – саяси режим. Оны мемлекеттің ең үлкен басшылары тындап, оны көреді. Сондықтан, бұл – халықты жинайтын үлкен саяси жиында, міндетті түрде барлық көкірегінде жаны бар, елді ойлатын азаматтар барлығы келу керек деп ойлаймын.

 

  • Спикерлер тізімі бекітілді ме? Олардың ішінде, нақты келісім бергендерден халыққа танымал азаматтар бар ма? Сөйлеу уақытының регламенті болады ма? Нәтижесінде, егер белгіленген 2-3 сағат ішінде сөйлеймін дегендер үлгермесе қалай болады екен? Митингіге жиналғандардың арасынан, қарапайым халыққа сөз сөйлеу сәті түседі ме? Немесе тек белгіленген спикерлер ғана сөйледі ме?
  • Спикерлер тізімі бекітілді. Олардың ішінде көбісі жастар болады. Көзге көрініп жүрген жастар, ойы бар, ісі бар, ел үшін әр саланың адамдары болады. Халыққа белгілі, өзінің саласында белгілі қызмет етіп жүрген азаматтар болады. Тіл саласы, тілмен байланысты көп қызмет еткен азамат, АЭС салдырмау үшін сол маманы, жер сатылмауы, сол мамандары. Сөйтіп әртүрлі нәтижеде адамдар болады. Сөйлеу уақытының регламенті, бізге берліген 2 сағат ішінде үлгеру үшін, 5 минуттан уақыт береміз деп ойлап тұрмыз. Өйткені одан көп беретін болсақ, біз үлгермейміз. Себебі, резолюциямызды оқып үлгеруіміз керек, резолюциямызды жариялауымыз керек. Резолюциямызды жариялап, айтып барлығын бітіргеннен кейін, негізгі бағдарламаны, одан кейін уақыт болып жатса, қарапайым азаматтарға да, сөйлеймін деген көкірегі жанып тұрған азаматтарға сөз беруге тырысамыз. Әрине барлық, Фэйсбук әлеуметтік желіде, Инстаграмда ақпаратты жібердік. Біз кері байланыс алдық. Ең үлкен проблемалардың бірі – «пенсионный возраст», білім, медицина саласы, АЭС салдыртпау, жер сатылмау, мемлкеттік қызметтің жемқорлығы.

 

  • Сіз, «Байтақ Болашақ» ұйымының басшысы, «жасылдар» ретінде қоғамда абыройыныз баршылық. Бірақ сіздің артынызда біреу бар ма? Сізді нақты кім қолдайды деп ойлайсыз? Сіздің жақстарыныз кім? Олардың ішінде Тоқтар Әубәкіров сынды танымал адамдар бар ма? Жалпы, сіз бастайтын жұмысты, кім қолдайды?
  • Біз экологиялық альянс «Байтақ Болашақты» республикалық қоғамдық бірлестікті 2016 жылы құрдық. Осы үш жыл ішінде, 3 рет халықаралық экологиялық конгресс өткіздік. Біріншісі – экологиялық жағдай, екінші – энергетикалық (жаңартылған энергия көздері), үшіншісі – су мәселесі. Бұл тараптан үлкен жұмыстар атқардық. Нақты айтатын болсақ, энергетика саласында жаңа балама көздерін іске асыру проекттерін жасап жатырмыз. Су мәселесі бойынша, артезандық суды игеру, сулардың негізгі өзендер мен көлдердің жағдайы, аналитикалық жұмыстармен айналысып отырмыз. Әрине «жасылдар» экологиялық мәселе өте көп, өте үлкен проблема. Ең бастысы біз осы үш жылдың ішінде, жаңа құрылған Экология, табиғатты қорғау министрлігінің бір инициаторы болсақ деп айта аламыз. Бүгінгі күні министерство құрылды. Енді министрлік өз тарапына алып, барлық экологтардың басын біріктіріп, экологиялық мәселелерді шешу. Әрине біз қадағалаймыз, бақылаймыз олардың жұмысын. Қалай да болса экологиямызды қорғап қалу, біздің міндеттіміз. Біздің жақтастарымыз – қоғамдық қайраткерлер жеткілікті. Айта кететін болсақ, Сабыр Қасымов, Ирак Елекеев, Олжас Сүлейменов, Сейдахмет ағамыз, Ора Қалиев, сондай-ақ Қазақстанға белгілі – Мұхтар Дияров ағамыз, Мэлс Елеусізов, экологияны, табиғатты ойлап жүрген қоғам қайраткерлері бәрі бізге қолдаушы болды, көмектесті. Сол себептен біз өз тарапымыздан қоғам ретінде, өзіміздің қоғамдық пікірімізді білдіріп, бұл жұмысымызды тоқтатпаймыз. Ары қарай іске асыруға дайынбыз.

 

  • Сіз тікелей жеке басынызбен қауіпсіздікке жауап бересіз, ал арандату болып, шиелініс немесе текетірес болса, билік заңдық негізде сізді жауапқа тартуы тиіс, содан қорықпайсыз ба?
  • Ал митингіде арандатушылар болатын болса, әрине бізде еріктілер болады, бақылауға аламыз. Ол мәселелердің барлығын алдын алуға барынша тырысамыз. Әрине, заңдылық негізде бақылауға алынуы тиіс. Қорықпайсыз ба дейсіз. Қорықпағанда, бұл енді елдің жағдайы, елдің болашағы. Мен үшін ең жоғарыда тұрған нәрсе. Сондықтан халқымыз, еліміз өркендеп, еліміз ертең мықты мемлекеттердің ішіне кіретін болса, сөз бостандығы, демократия сондай бір мықты ел болып жатса, мен үшін – ең үлкен бақыт.

 

  • Осыдан кейін, сізде саяси амбициялар бар ма? Партия құру жоспарда болған секілді, бірақ оның бағыты экология болғантұғын, солай болса, басқа саяси-әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді көтересіз бе?
  • Саяси амбиция деген, ол – басқа нәрсе. Мысалы, мен үшін құндылық бірінші, ең бірінші елімізде еркіндік, әділдік орнаса, тазалық орналыса, қоғамдық қарым-қатынастардың барлығы әділ жүріп, қоғамдық қарым-қатынастар таза болса, мен үшін ең үлкен бақыт – сол. Ал менің алған білімім, тәжірибем, сол жүйеде өз орын табатынын мен білемін. Қандай амбиция болсын, оны іске асыруға болатынын білемін. Сондықтан бізге ең бірінші нақты, еліміз қазір оянды, еліміздің белсенділігін пайдаланып, елдің бір саяси реформаға көшіп, саяси тұрақтылыққа көшуін қамтамасыз ету үшін, біз бәріміз бірігіп еңбек етуіміз керек. Саяси-әлеуметтік салаларды іске асыруымыз керек. Жұмыс өте көп, бұл жерде біздің қоғам ретінде оянып, әділдікке тоқтауымыз керек, әділдікті біз қолдауымыз керек, сол кезде біз ертең біз өсеміз. Бүгінгі күні біз қасқырлық болып өсек, ертең біздің ұрпағымыз қалай өседі?! Өйткені, сондықтан бұл қасқырлық өмір, заңсыз өтеді. Ал нағыз ел азаматы болып, құс болып жету биіктерге, шыңдарға, ол әділдік орнаған жерде, тазалық бар жерде орнайды. Біздің болашағымыз сондай өмірде өтсе екен.

 

  • Ұйымдастыру комитеттің құрамында қоғамда танымал, азаматтық белсенді – Айдын Егеубаев бар екен. Ол көтеріп жүрген Жер мәселелсі, қытайдағы қазақтарға қарсы геноцид пен қытай экспансия тақырыптары жайлы көзқарасыныз қандай? Осы бағыт бойынша, билік әлі де нақты позиция ұстанған жоқ, оларға не айтар едіңіз? Жасап жатқан шамалы тірліктері жетеді ме? Қытайдағы мұсылмандар мәселелсі, олардың ішкі саясаты ма, немесе әлем аралсуы қажет пе?
  • Иә, біздің ұйымдастыру комитетінде Айдын Егеубаев деген жігіт бар. Ол жігітті мен өзім шақырдым. Өйткені оны сырттай білемін. Елім деген, жерім деген сол патриот жігіт. Бүгінгі күні ол атқарып жатқан жұмыстары өте көп қоғамда. Біз митинг ұйымдастыру, негізгі ұйымдастырушысы – мен, екінші Зауреш Баталова Қабылбековна. Мен соған звандап, сол кісінің келісімін алып, қолдауын алып, мен заявление жазып акиматқа осыны ұйымдастырып отырмыз. Ал кейін Айдынды шақырдық. Ол өйткені қоғамда жүрген жас жігіттің бірі, осындай қоғамдық жігіттерді біз тартуымыз керек, өсіруіміз керек. Елге пайданы енді ойлаған жігіттер керек бүгін.

Қытаймен Қазақстан арасында жеке өз ойым бар. Ол біздің көршіміз – Қытай. Әрине, екі мемлекет көршілес болғаннан кейін, бірін-бірі пайдаланбақшы болады. Бізде Қытайды пайдалануымыз керек. Қытай бізді пайдаланады, біз оларды. Бірақ мемлекеттік позициямызды саяси тұрғыда, біз Қытайдан жеңілмеуіміз керек. Әр уақытта Қытайды жеңуіміз керек. Қытай мемлекеті кезінде 30 жыл бойы Қазақстанмен шекара ашық болды. Қытайдан көшем деген біздің қандастарымыз көшіп келді. Ал осында келген қандастарымыз бүгінгі күні, Қытайда коммунистік партия ғой, біз Кеңес уақытында тұрдық қой компартия болып, енді олар өздерінің ұстанымдары бар. Әрине, біз көршілес ел болғандықтан бізбен Қытай бүгінгі күні санасуы керек, бізді көршілес елдің халқын сыйлауы керек деген біздің ұстаным бар. Сондықтан бұл саяси дипломатиялы жолда, бұл мәселе шешілуі керек.

 

  • Әбләзов сіз ұйымдастырып жатқан митингіні жақтамаймын дейді. Соның сөзінше, бұл – билік арнайы ұйымдастырылып жатқан шара деп санайды екен. Сіз оған қандай жауап берер едіңіз? Оның немесе басқа жақтын арандатушылары қатысуы мүмкін, қалай қарайсыз? Солардың салдарынан бейбіт митинг ушығып кетеді де, бақылаудан шығып кетеді деп ойламайсыз ба?
  • Әбләзов олай ойласа, бізді билік ұйымдастырып жатыр деп жатса, ол өзінің ойы. Ол сыртта жүр ғой, Францияда. Сыртта жүргендіктен, ол ішкі жағдайды білмейді. Ол енді сыртта жүріп, болжам жасап отыр. Біздің жағдайымызды қарасақ, бізбен бірге қызмет атқарған адамдардың барлығысы біледі. Біз қаншама жыл қоғамда жүріп, шындық айтып, өз күшімізбен өзіміз жүген адамдармыз. Бізді ешкім қолдап, мемлекеттен бір тиын алып көрген емеспіз. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп көрмеген адамбыз. Мемлекеттік қызметтегі адамдардың өзімен біз өте аз аралысамыз. Өйткені мен оларды кішкене, олармен келіспей қалсам, көңілім онша жаратпайды оларды. Олардың ойлары, тірліктері маған онша келіспейді. Сондықтан біздің өз ойымыз бар. Өзіміздің позициямыз бар. Бірімізді біреу пайдалану деген нәрсе, дұрыс емес. Митинг жасау мүмкіндікті, бұрыннан армандап жүрдік. Ол мүмкіндік бүгін туындады. Әрине, ол әртүрлі саяси өзгерістерден пайда болуы мүмкін. Бірақ қалай да болсын, мүмкіндік бізге берілді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, шындықты айтып билікке барлығын жеткізуіміз керек. Сол арқылы, нақты жұмыстарды атқарамыз. Оның бірісі, сайлау заңына өзгеріс енгізіп, келе жатқан Парламенттік сайлауда самовыдвеженецтер шығып, халықтық депутаттарды қалыптасуын қамтамасыз етуіміз керек. Ол ең басты біздің бүгінгі митингте қоятын сұрағымыз. Егер біз саясатты дұрыстай алсақ, халықтың қатысуын қамтамасыз етсек, одан кейін барып, экономикада әлеуметтік салада бәрі дұрыстала бастайды. Халықпен жұмыс істеу керек. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдында сөйлеген сөзінде, қоғамдық ұйымдармен жұмыс істейтінің айтты. Соны іске асыратын кезі келді деп ойлаймын.

 

  • АЭС мәселесі қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сонымен қоса, Арыс қаласында болған оқиға халықты қорқытып жіберді. Сіздің ойыңызша, егер атом станцияны, мысалы француздар немесе басқа дамыған мемлекет салатын болса, қолдайсыз ба? Арыс қаласына экологиялық жағдайды тексеру үшін, сіздің жақтастарыныз немесе ұйым мүшелері барған жоқ па? Мемлекет экологиялық бағытта жүргізіп жатқан тексеріске сенімдісіз бе (ауа, су, жер)?
  • АЭС Қазақстанда салынбайды, салуға да мүмкіндік жоқ. Неліктен осындай ақпарат бізде тарап жүргені түсініксіз, оның үстіне билік айтты ғой: «халық қарсы болса, біз салдырмаймыз». Әрине біз – қоғамдық ұйымдар белсенділік танытып, бұл жерде АЭС салдырмауымыз керек. Біз – халық қарсымыз.

Арыс қаласын айтатын болсақ, бұл оқиға – трагедия. Шенділердің, биліктегілердің жауапкершілік жоқтығын көрсетті. Билік өзінің нақты өзгерістерін көрсетуі керек. Сол себептен біз жақында айттық: «80% мемлекеттік қызметкерлерді ауыстыру керек, жаңа ойды, жаңа адамдарды келтіру керек. Реформа өткізу керек». Кезінде Грузияда Саакашвили президент болған кезде, мемлекеттік қызметтегілердің барлығысын жұмыстан кетіріп, жаңа адамдарды жұмысқа алған. Өйткені ескі қызметкерлерде қылмыстық, жемқорлық нәрсе қандарында сіңіп кеткен, оларды кетірмей, жаңа өзгеріс болмайтыны түсінікті.

Арысқа байланысты, мемлекеттік тексерулерге мен оған сене бермеймін. Өйткені ондай үлкен жарылыста экологияға, ауаға үлкен зиян тиді. Биоразнобразияларға қиындық әкелді. Жер күйіп қалды. Бұның бәрі экологияға зияны. Оны дұрыстап санап шығару керек.

 

  • Сіздің қоғамдағы қазіргі кезде және болашақта жұмыс істеу легінде, ұлттық-патриоттық бағыт басымдырақ па? Осыдан орыс тілді қоғам алшақтап қалады деп ойламайсыз ба? Ана тіліміздің қоғамдағы рөлін көтеру үшін, барлық жерде қазақ тілінде қызмет көрсету талабы қаншалықты дұрыс? Шартты түрде, митингіде осы бағыт талқылану негізінде текетірес болады деп ойламайсыз ба?
  • Біз – Қазақстан еліміз. Біз – Қазақ еліміз. Біздің өзіміздің туымыз бар, ұранымыз бар. Біз елді бөліп жаруға мүмкіндік бермеуіміз керек. Бөліп жаратын болсақ, онда бір топ олигарх-саясатшылар пайдалануы мүмкін. Бір-біріне қарсы қойып, өзінің саясатын жүргізуі мүмкін. Сол себептен, халықтың ауызбіршілігі, халықтың бір болуы, халықпен бірге жүруі, ол біздің негізгі формамыз. Әрине, мен ана тілімді жақсы көремін, ауылда өстім, қазақ тілінде білім алдым. Экологиялық жиналыстардың барлығысы қазақ тілінде өтеді. Бірақ, орыс тілін де ағылшынды пайдаланамыз. Сонда тұрған ештеңе жоқ. Өйткені біз тілге, нәсілге бөлінбеуіміз керек, бір елміз. Бірақ, әрине осы елдің қалаушы, ол – қазақтар. Қазақ елі болғандықтан, барлық салт-дәстүрлерді сыйлау, құрметтеу, ол әрбір азаматқа тән қасиет болуы керек.
  •  Билікке халықтың өкпесін жеткізіп, қоғамдағы мәселені көрсету үшін, бейбіт митинг өткізуден бөлек, қандай шаралар қолданған жөн?
  • Билікке халықтың өкпесін жеткіземіз. Сонымен қатар, қоғамдық проблемаларды барлық айтамыз. Бейбіт митинг өткізгендіктен, сол айтылған резолюцияны іске асырылуын қадағалаймыз. Егер іске асып жатса, нұр үстіне нұр. Ал іске аспай жатса, кейін де шерулер өткіземіз. Қалай да болса, қойылған мақсатымызға жетеміз.

 

 

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
18.06.2019
14.06.2019
13.06.2019
12.06.2019
09.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930