"Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Мағзұм Мырзағалиев 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі қызметін атқарады.
1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.
1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша білім алған.
2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері - басшысы болып жұмыс істеді.
2010 жылға дейін " ТеңізСервис "ЖШС Бас директоры болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі болды. "Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.