USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сенатта ауқымды сарапшылар пулы құрылмақ

  • 04.июля.2019, 14:30,
  • 568

Өзекті әрі резонансты мәселелер бойынша парламенттік тыңдауды жиі өткізу қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті.

Қызметтік тұрғыдағы Сенаттың қадамдары келесіндей:


"Біріншіден, Президенттің тапсырмаларын ескере отырып, 2019 жылға арналған Сенаттың жұмыс жоспарын түзету. Қажет болса, заң жобаларын әзірлеу мен қабылдауға бастамашылық жасау керек. Екіншіден, заңдардың орындалуын қадағалау үшін Үкімет мүшелерінің өз қызметі туралы есептерін тыңдау рәсімдерін толық көлемде пайдаланған жөн. Өзекті әрі резонансты мәселелер бойынша парламенттік тыңдауды жиі өткізу қажет", - деп тоқталды Сенат спикері.


Үшіншіден, аймақтармен жүйелі негізде маңызды мәселелер бойынша жұмыс жүргізу қажет, сондай-ақ  сенаторларға аймақтарды аралап, жергілікті мәслихаттармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеуді жоспарлау керектігі айтылды.


"Төртіншіден, біз Сенаттың қызметін барынша жария және ашық түрде жүзеге асыруға ниеттіміз. Бұл жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Сенаттың веб-сайты жаңартылды. Күзден бастап Парламенттің жоғары палатасының заңнамалық және жұмыс материалдары қолжетімді болады. Бесіншіден, қабылданған заңдардың сапасын арттыру үшін Сенатта ауқымды сарапшылар пулын құруды көздеп отырмыз. Заңдарды талқылау әрі қабылдау кезінде ғылыми қоғамдастықтың, жастар мен гендерлік ұйымдардың, еріктілер қозғалыстарының, ҮЕҰ және кәсіпкерлердің пікірлері ескерілуі керек", - деді Дариға Назарбаева.


скачать dle 12.0
Фото авторы : matrica.kz
Тағы да оқыңыздар:
05.07.2019
29.06.2019
20.06.2019
"Smart Data Ukimet" жобасы енгізілмек

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында цифрландырудың пайдалы тұстары жайлы мысал келтірді. 

31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930