USD 504.49
EUR 587.73
RUB 6.57
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өңірлердің өкілеттілігі арта түседі

  • 11.қараша.2021, 17:15,
  • 161

Үкіметтің кейбір функциялары Министрліктерге, ал олардың бірқатар өкілеттіктері әкімдіктерге беріледі. Сондай-ақ, Министрліктерге де қосымша өкілеттіктер жүктеледі.

Бұл бағыттағы жаңа нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жазылған. Бүгін сенаторлар аталған заңды екінші оқылымда қабылдады.


Зңға сәйкес Білім және ғылым министрлігіне қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне және олардың мөлшеріне кепілдік беру қағидаларын бекіту қызметі жүктеледі. Сыртқы істер министрлігі халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ісіне мониторинг жүргізуге жауапты болады. Сондай-ақ құжатта мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты басқа да нормалар нақты жазылған


Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев заң бойынша пікір білдіріп, бұл құжаттың мемлекеттік басқару жүйесін дамытуда және мемлекеттік органдардың дербестігін арттыруда маңызды екенін атап өтті.


"Заң мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн және мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын арттыруды көздейді. Бұл өз кезегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейтеді. Алдағы уақытта осы заң еліміздің дамуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.09.2021
30.06.2021
11.02.2021
10.11.2020
04.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031