USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілді

  • 28.қазан.2021, 17:14,
  • 436

Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітілді.

Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға есептелген.

Құжат 4 бағыт бойынша іске асырылады:


1. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек


2. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру


3. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары


4. Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.


Мынадай әлеуметтік әсер күтіледі:


* Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту


* Халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3%-дан 2025 жылы 80%-ға дейін арттыру.

Жобаны іске асыруға 3,6 трлн теңге бөлу жоспарлануда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2021
19.10.2021
12.10.2021
30.01.2021
25.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031