USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық даму жоспарын Үкімет толық бекітіп болды

  • 12.қазан.2021, 12:48,
  • 190

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық жобалар қаралды, оларды биыл 24 қыркүйекте Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Мемлекет басшысы тұжырымдамалық мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасады.


"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін іске асыру аясында үлкен жұмыс атқарылды", — деді А. Мамин.


"Тұрақты экономикалық өсу", "Кәсіпкерлікті дамыту", "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобалары, 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба, "Жасыл Қазақстан", "Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс", "Білімді ұлт" сапалы білім беру", "Саламатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау", "Ұлттық Рухани Жаңғыру" ұлттық жобалары биыл қабылданған Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспары мен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.


Премьер-Министр ұлттық жобаларда көзделген іс-шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларына және "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерге толық сәйкес келетінін атап өтті.


Ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың факторына айналады.


Қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында ұлттық жобаларды бюджет қаражаты және жеке инвестициялар есебінен басым қаржыландыру көзделген.


Үкімет басшысы жобалық тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.10.2021
23.09.2021
21.09.2021
02.09.2021
22.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930