БАӘ-мен инвестициялық ынтымақтастық электр энергетикасы саласынан басқа агроөнеркәсіптік, фармацевтикалық, көлік-логистикалық кешендерге қатысты екенін атап өтіп, мәжілісмен мұндай ынтымақтастық екі тарапқа пайда әкелетін нәтижелерге қол жеткізу үшін екі елдің бірлескен күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
"Электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылға еліміздегі жаңартылатын және дәстүрлі энергетиканың дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз. Инвестициялық келісім бойынша Қазақстанда жалпы қуаттылығы 5 ГВт болатын күн, жел және су электр станцияларын салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлануда", – деп атап өтті Азат Перуашев.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты жалпы отандық кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізетінін айтты.
"Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші қаржы институтының осы келісімді іске асыруға қатысуы отандық бизнес-қоғамдастыққа пайда әкелетіні сөзсіз, өйткені ол ұлттық экономиканың негізгі салаларына қазіргі заманғы ұйымдастырушылық мәдениет пен озық халықаралық технологияларды енгізуге ықпал ететін болады", – деп сенеді Азат Перуашев.
"Қазір еліміз жаңа Экологиялық кодекске сәйкес ең озық қолжетімді технологияларға көшеді. Сондықтан келісім шеңберінде стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтитын мүмкіндіктер елімізге «жасыл» экономиканы белсенді дамытуға, қоршаған ортаға теріс әсер етумен күресуге мүмкіндік береді", - деді Дүйсенбай Тұрғанов.
Ж.Ахметбеков атап өткендей, бүкіл әлемде "жасыл өткел" деп аталатын және экологияның жай-күйіне алаңдайтын елдер жаңартылатын отын үшін көмірсутектерден бас тартуда. Күн, жел электр станцияларының көбеюі біздің елдің бәсекелестік артықшылығы бола алады.
"Жалпы, бұл инвестициялық келісім отандық бизнесті дамыту үшін жағдайды айтарлықтай жақсартады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады деп айтуға болады", - деді депутат.