USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресей елімізде АЭС салуға құлшынып отыр

  • 30.қыркүйек.2021, 15:14,
  • 174

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин АЭС құрылысында Қазақстанға көмегін ұсынды.

"Бейбіт атом саласында. Бұл туралы менің қазақстандық әріптесім мен досым айтты, біз көршіміздің, досымыз және одақтасымыз Қазақстанның атом энергиясын дамыту жөніндегі жоспарларына мұқият қарап отырмыз. Ресей өз серіктестеріне, оның ішінде Қазақстанға атом электр станцияларының құрылысы мен қолданысына көмегін ұсынады, егер Қазақстан АЭС құрылысы жөнінде шешім қабылдап жатса", - деді Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында.


Оның айтуынша, республикада ресейлік дизайнмен АЭС салуға болады.


"Біз атом энергиясын қолдануға байланысты Ресей университеттерінде кадрлар даярлауды қоса қамтитын тұтас сала туралы айтып отырмыз. Атом электр станцияларының ауаның ластануына әсері шамалы, ресейлік мамандар технологияларды жетілдіруге, газды тазартудың тиімді қондырғыларын пайдалану арқылы атмосфераның ластануын азайтуға жүйелі түрде тырысып келеді", – деді РФ президенті.


Жалпы, ол Ресей мен Қазақстанның экология мен "жасыл" даму саласындағы бірлескен жұмысының кең перспективалары бар екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше рет көтерілген.


1 қыркүйекте Президент өз Жолдауында 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшылығы болатынын атап өтті. Сондықтан ол үкіметке және "Самұрық-Қазына" холдингіне бір жыл ішінде Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2021
03.09.2021
06.09.2021
19.08.2021
23.04.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930