USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сайлау туралы заңға өзгерістер енгізіледі

  • 13.қазан.2021, 17:42,
  • 187

Үкімет "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірледі.

Атап айтқанда, түзетулер мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуы жағдайын қарастырады.


"Конституциялық заң жобасы мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудағы мақсат - әйелдер, жастар мен мүгедектердің өкілетті билік тармақтарында пікірлерінің ескерілуін, қарастырылуын қамтамасыз ету, оларды мемлекет өміріне белсенді жұмысқа тарту", - делінген түсініктеме жазбада.


Сонымен депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың саны партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.


Партиялық тізімде әйелдер, жиырма тоғыз жасқа толмаған және мүгедектігі бар адамдар саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.


Ал мүгедектігі бар адамдар-кандидаттар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады.


Бұл тәсіл қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға бағытталған және қазіргі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет.


Заң жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.10.2021
25.05.2021
05.12.2020
21.10.2020
21.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031