13 сәуір 2025, 16:57
USD 514.94
EUR 583.74
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңға қол қойды

  • 25.мамыр.2021, 11:44,
  • 326

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңға қол қойды. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.


Негізгі құжатта аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерін тікелей сайлауын өткізу қарастырылған. Бұл реформа 2 345 әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдеріне әсер етеді, олардың 836-сы 2021 жылдың екінші жартысында тікелей дауыс беру арқылы сайланады.

Әкім болып 25 жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары сайлана алады.

ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында саяси партиялардың өту шегі 7% -дан 5% -ға дейін төмендетіліп, барлық деңгейдегі бюллетеньдерге "Барлығына қарсы" деген баған қосылды.



#Тоқаев #заң #жоба #сайлау #мәжіліс #сенат 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930