USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сайлауға 25 жастан асқан азаматтар ғана қатыса алады

  • 21.қазан.2020, 13:57,
  • 625

Мәжіліс депутаттығына үміткердің жасы 25-тен аспауы керек.

Бұл кандидаттарды ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 30 қарашада сағат 18.00-де аяқталады деген сөз.

Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров мәжіліс депутаттығына ұсынылатын үміткерлерге қандай талап қойылатынын жариялады.


Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы және соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұруы тиіс. Сонымен қатар жасы 25-тен кем болмауы керек. Конституциялық заңның 4-бабының 3-4-тармақтарына сәйкес, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы, соттылығы белгіленген заңды тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидат бола алмайды, – деді Константин Петров.


Оның сөзінше, саяси партия мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің тізімін бекіткен кезде олардың жалпы санының кемінде 30% әйел және 29 жасқа толмаған адам болуға тиіс екенін ескеруі керек.



#сайлау #мәжіліс #депутат #кандидат #үміткер 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.10.2020
21.08.2020
12.06.2020
28.11.2019
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930