USD 489.39
EUR 567.99
RUB 6.19
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады

  • 21.мамыр.2020, 11:30,
  • 630

Парламент Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" мен "Саяси партиялар туралы" заңдарына өзгеріс енгізілді.


"Заң жобалармен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде отыз пайыз мөлшеріндегі квотаны енгізу және саяси партияларды құру үшін қолданыстағы сандық тіркеу талабын екі есе төмендету ұсынылады. Осы мақсатта, Сайлау туралы конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастарға арналған міндетті квоталардың болуы туралы талап қойылады", - деді Әділет министрінің міндетін атқарушы Наталья Пан.


Осыған орай, халықаралық тәжірибе аясында ұсынылып отырған жаңа нормалар әйелдер мен жастарды елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тартуға мүмкіндік беретін болады.


Сондай-ақ, енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті. Осы бағыттағы түзетулер Саяси партиялар туралы заңда көзделіп отыр.

скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kz
Тағы да оқыңыздар:
06.09.2019
21.08.2019
21.08.2019
17.07.2019
11.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031