USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы бірқатар заңға қол қойды

  • 18.қазан.2021, 18:09,
  • 206

Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ТМД-ның алты мемлекеті қол қойған келісім қарулы күштер үшін бірлескен байланыс жүйесін құруды көздейді. Келісімнің негізгі міндеттері: байланыс қызметтерін көрсету және қарулы күштердің басқару жүйесінде және қарулы күштер арасында ақпараттың барлық түрлерімен алмасуды қамтамасыз ету; ТМД форматында құрылған әскери формадағы өзара әрекеттестіктің біртұтас жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.


Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекеттердің гуманитарлық минасыздандыру саласы бойынша өзара іс-қимылы әскери ынтымақтастықтың маңызды тетігі болып саналады. Бұл құжат мина алаңдарын техникалық барлаумен және оларды минадан тазартумен айналысатын Бірлескен бөлімше қызметін қалыптастыру, қолдану және аяқтау тәртібін анықтайды. Осы ретте Келісімге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес, біздің еліміз ТМД-ға мүше емес үшінші мемлекеттің аумағына ұлттық инженерлік бөлімшені жіберу туралы мәселені қарайтын ескертпемен қол қойылғанын атап өткен жөн.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.09.2021
04.02.2021
17.10.2020
15.01.2020
05.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031