USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Су ресурстарын пайдалану тиімділігі

  • 05.қазан.2021, 12:42,
  • 225

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі каналдар мен су қоймаларын салу және реконструкциялау барысы қаралды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев суармалы жерлердің ауданын 2025 жылға қарай 2,2 млн га дейін, ал 2030 жылға қарай 3 млн га дейін кеңейту бойынша нақты міндетті айқындады. Бүгінде халық пен экономика салалары үшін су алудың жалпы көлемі шамамен 25 текше км құрайды. Жыл өткен сайын қажеттіліктер арта беретін болады және бұл суды тиімді пайдалануды, ең жаңа технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды талап етеді.


Тек автоматтандырылған бөлу мен тасымалдау есебінен судың артық жұмсалуы жыл сайын 1,2 текше км-ге қысқарады. Осы ретте, алдағы бес жылдық кезеңде ұзындығы 2,3 мың км болатын 120 каналды реконструкциялау мен жалпы көлемі 1,7 млрд текше м болатын 9 ірі су қоймасын салу жөнінде шаралар қабылданады. Сонымен қатар, өңірлік деңгейде жайылымдық жерлердегі гидротехникалық құрылыстарды, құдықтарды жаңғырту, жөндеу және оларға қызмет көрсету жүргізіледі.


"Жалпы, су қоймаларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдану жыл сайын 6,4 текше км көлемінде қосымша су ресурстарын жинауды қамтамасыз етеді. Бұл шаралар "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасында да бар", – деді А. Мамин.


Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бір ай мерзімде 9 су қоймасы мен 120 каналды салу мен реконструкциялаудың, сондай-ақ оларды цифрландырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды.


Ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктеріне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 2025 жылға дейінгі өңірлік жол карталарын бір ай мерзімде әзірлеу, сондай-ақ, жайылымдардағы гидротехникалық құрылыстарды, құдықтарды және скважиналарды жаңғырту бойынша шараларды қабылдау тапсырылды.


Ауыл шаруашылығы министрлігіне Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, суды көп қажет ететін дақылдар – күріш пен мақтаның егістік жерлерін кезең-кезеңімен азайту мәселесін пысықтау тапсырылды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031