USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

  • 21.қыркүйек.2021, 18:31,
  • 127

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті.

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орындалу барысы қаралды, делінген primeminister.kz сайтында.


Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және т. б. баяндады.


Қазіргі уақытта Ұлт жоспарының 100 қадамының 72-сі іске асырылды: "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" бағыты бойынша 15 қадамның 13-і, "Заң үстемдігін қамтамасыз ету" бағыты бойынша барлық 19 қадам, "Индустрияландыру және экономикалық өсім" бойынша 50 қадамның 27-сі, "Бірегейлік және бірлік" бағыты бойынша 6 қадамның 3-уі, "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру" бағыты бойынша барлығы 10 қадам жүзеге асырылды.


Биыл "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" мен "Индустрияландыру және экономикалық өсім" бағыттары бойынша 9 қадамды орындау жоспарланған.


Отырыста құрылыс саласындағы жобаларға мемлекеттік сараптаманы бәсекелі ортаға беру, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу, Технологиялық даму орталықтарын құру, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес монополияға қарсы органның қызметін одан әрі жетілдіру, АХҚО және ҚР-дағы капитал нарықтарын дамыту мәселелері қаралды.


Барлық тірек және серіктес ауылдық елді-мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігер амбулаторияларымен қамтамасыз етуге, студенттер жатақханаларын салуға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың деректер базасының интеграцияланған жүйесін құруға қатысты жұмыс барысы талқыланды. Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Тиісті заң жобасын Үкімет әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына жіберді. Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі түрде азайтуға және жаңа экономикалық шынайылық жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға серпін беруге жол ашады.


Премьер-Министр "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын толық және сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.09.2021
13.09.2021
08.09.2021
02.09.2021
22.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930