USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

  • 06.қыркүйек.2021, 13:42,
  • 336

Директорлар кеңесінің шешімімен Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

ҚР Премьер-министрі сайтының мәліметінше, Мәжит Шәріпов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.


МИФИ ҰЯЗУ Обнинск атом энергетикасы институтын бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.


1992-1999 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімінің маманы.


2000-2008 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің Инспекциялау және талдау бөлімі басқармасының басшысы; бөлім басшысы.


2008-2010 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры.


2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.


2012-2013 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.


2013-2014 жылдары — ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитетінің төрағасы.


2015-2020 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.


2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.07.2021
16.03.2021
02.03.2021
22.01.2021
08.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031