USD 514.94
EUR 583.74
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Владимир Путиндің құттықтады

  • 20.қыркүйек.2021, 18:05,
  • 204

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады

Сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді Қазақстан Президенті.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде болған қанды оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.


Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын оң бағалап, Көкшетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды.


Қазақстан мен Ресей басшылары 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендерін нақтылады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.09.2021
19.08.2021
26.06.2021
03.12.2020
02.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930