USD 510.81
EUR 578.59
RUB 6.51
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

  • 26.июня.2021, 16:59,
  • 252

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. 

Беларусь тарапының бастамасы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және оны нығайтудың перспективаларын талқылады.

Тараптар өзара сауда-саттық көлемін арттыруға, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мән бере отырып, сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек Президенттер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, екі ел халқын жаппай вакциналау үшін қабылданып жатқан шаралар жайында пікір алмасты. Осы ретте Мемлекет басшылары COVID-19 пандемиясының теріс салдарын еңсеру жөніндегі үйлесімді іс-қимылдарды жалғастыруға ниетті екенін нақтылады.



#Тоқаев #Лукашенко #Президент #Қазақстан #Беларусь 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.06.2021
13.05.2021
01.01.2021
01.08.2020
24.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30