USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мағзұм Мырзағалиев экология министрлігінің ұжымына сөз арнады

  • 15.қыркүйек.2021, 12:04,
  • 134

Экс-экология министрі Мағзұм Мырзағалиев атқарған жұмыстарын айтып, бұрынғы ұжымымен қош айтысты.

"Менің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегі жұмысым аяқталды. Отанымыздың нағыз кәсіби мамандарымен және патриоттарымен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Баршаңызға табыс және алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңізді тілеймін!", деп жазды ол twitter-де.


Одан бөлек экс-министр қол жеткізген жетістіктеріне де тоқталды.


"Балық шаруашылығының әлеуетін ашып, балық өндірісін 2,5 есеге ұлғайттық. Орман және жануарлар әлемі: Ұлттық парктерді дамыта бастадық, экотуризм жеке инвестициялар үшін тартымды салаға айналды. Орман қорын ұлғайту бағдарламасын іске қостық, ағаштарды заңсыз кесу және браконьерлік үшін жазаны қатаңдатуға қол жеткіздік. Су айналымының төмендігіне қарамастан су тапшылығына жол берілмеді; көрші елдермен "су дипломатиясын" орнаттық, су арналары мен су қоймаларын "цифрландыруды" бастадық", делінген оның жазбасында.


Айта кетсек, Мағзұм Мырзағалиев таяуда Экология министрі лауазымын Энергетика министрі орын тағына айырбастаған. Ал осыған дейін Энергетика министрі болып келген Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып кетті. Экология министрлігінің басшылығына болса, Серікқали Брекешев келді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031