USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нығматулин Экология министрінің баяндамасын сынға алды

  • 28.қазан.2020, 11:44,
  • 407

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экологиялық кодекстің жобасын қатаң сынға алды. 

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Экологиялық кодекстің жобасын қорғаған болатын. Заң жобасы бойынша Парламет Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин пікірін білдірді. «Заң жобасын қарасақ былай: мәселен Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Яғни, ол тіпті 5 емес, тіпті 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен олай? Сіз кодексте (Мағзұм Мырзағалиевке қарата) «100 және одан төмен бас үшін» деп жазасыз. Оған, яғни, мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану керек болатын», - деді Нұрлан Нығматулин. Мәжіліс төрағасы заң жобасын осындай нормаларын оқыған кезде «бұл норманы жазған адам ауылда болды ма?» деген сұрақ туындайтынын айтып өтті. «Болмаған шығар. Шіркін, осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ғана ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін еді. Қалай ойлайсыз, министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып келіңіз», - деген Нұрлан Нығматулин екінші оқылымда осы олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды.



#нығматулин #мырзағалиев #саясат #экология #баяндама 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.10.2020
14.08.2020
05.03.2020
25.06.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930