"Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Мұхтар Ақатұлы Аюбаев 1959 жылы 22 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін (2005) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1991 жылдан Талдықорған облыстық ҰҚКБ жедел өкілі, аға жедел өкілі, хатшылық-басқармасының бастығы.
1995 жылдың қаңтар айынан ҚР Президентінің жеке күзеті келулерді қамтамасыз ету бөлімінің бөлімше бастығы, жеке күзет бөлімі бастығының орынбасары, ҚР Президентінің Күзет қызметі бірінші департаменті бастығының орынбасары.
2002 жылдан ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президенті Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.
2004 жылдың ҚР Республикалық гвардиясы қолбасшысының бірінші орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары ҚР Президентінің Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.
#аюбаев #қызмет #орынбасар #кадрлықөзгеріс #қазақстан