USD 521.67
EUR 592.46
RUB 6.32
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырау облысында жаңа әкімнің орынбасары тағайындалды

  • 15.желтоқсан.2020, 20:59,
  • 383

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген. 

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке жаңа орынбасарын таныстырып, жұмысына табыс тіледі, делінген Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарламасында.



Қайрат Асқарбекұлы Бекенов 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген.


Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша, құқық және нарық академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Алматы қаласының салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік қазақстан облысы әкімінің орынбасары, "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды. Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.




#қайратбекенов #әкіморынбасары #атырау #саясат #тағайындау 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930