USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қаржы вице-министрі тағайындалды

  • 13.августа.2021, 15:13,
  • 172

Данияр Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды", делінген ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарламасында.


Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.


Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.


2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.


2008-2010 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.


2010-2014 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.


2014-2018 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.


2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.05.2021
16.03.2021
02.03.2021
15.12.2020
13.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031