USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ержан Мейрамов жаңа лауазымға тағайындалды

  • 04.мамыр.2021, 13:01,
  • 311

Ержан Мейрамов Телекоммуникация комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м. а. болып бастаған.

2004-2011 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазым атқарды.

2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.

2014-2016 жылдары - "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры.

2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.



#ЕржанМейрамов #тағайындау #лауазым #кадрлықөзгеріс #саясат 

скачать dle 12.0
Фото авторы : primeminister.kz
Тағы да оқыңыздар:
08.04.2021
04.03.2021
Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.


02.03.2021
14.10.2020
20.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930