USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қаржы вице-министрі жаңадан тағайындалды

  • 02.наурыз.2021, 19:14,
  • 289

ҚР Үкіметінің қаулысымен Дәурен Маратұлы Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дәурен Кеңбейіл 1984 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болып бастаған.

2006-2013 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2013 жылы ҚР Қаржы министрлігі концессиялық жобалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2017-2019 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары.

2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры.



#қаржыминистрлігі #тағайындау #вице-министр 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.01.2021
08.08.2020
07.07.2020
06.02.2020
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930