USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырау облысы әкімінің орынбасарына жұмыстан шығуға рұқсат берген жоқ

  • 03.августа.2021, 14:29,
  • 161

Сәуірде сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Серік Қамидолланы ҚР ҚК-нің 361-бабы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша кінәлі деп таныды, бірақ "жасаған ісіне өкінуіне байланысты" оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Осыдан кейін басқа салалармен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалайтын облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков өзін қызметтен босатуға өтініш берді, бірақ Махамбет Досмұхамбетов қатаң сөгіс берумен шектеліп, арызын қабылдамады.

- "Расында да, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес, С.Айдарбеков сот шешімінен кейін 10 күн ішінде отставкаға кетуге өтініш берді, бірақ облыс әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданумен шектелді", - деп растады облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.


Бұл шешімнің заңға қаншалықты сәйкес келетіні белгісіз, бірақ Серік Айдарбеков Атыраудағы "ақ үйдің" ішіндегі маңызды тұлға: тек қазіргі қызметіне байланысты емес, мұнайлы өңірдегі қызметке тағайындалғанға дейін ол үш жыл бойы ҚР Мәжіліс аппаратын басқарды, сондықтан елордада жақсы таныстары бар.


Махамбет Досмұхамбетовтің өзіне келетін болсақ, баспасөз қызметі төмендегідей ескертті: заң бойынша, егер оның орынбасарларының бірі немесе аудан әкімі сотталса, облыс әкімі қызметінен кетуі тиіс, яғни бөлім басшыларының біріне қатысты үкімнің өңір басшысына әсер етпейді.

Ал пара алды деген айыппен сотталып жатырған оның бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев – басқа әңгіме. Егер сот оны кінәлі деп үкім шығарса, онда Досмұхамбетовке уәдесі бойынша лауазымынан босату туралы арыз беруге тура келеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2021
19.07.2021
16.03.2021
29.09.2020
16.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031