USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодар облысының әкімдігі желідегі хабарлама туралы

  • 16.қантар.2020, 12:00,
  • 445

Павлодар облысының өңір басшысы Болат Бақауовтың ұсталғанын және тергеліп жатыр деген ақпарат тарады. Алайда облыс әкімдігі бұл хабарламаны растамады.

"БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Алайда бүгін Бақауов жұмыс орнына келмеген. Оның баспасөз хатшысының айтуынша, өңір басшысы қала сыртында басқа жұмыстармен жүр.

"Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің басшылығы әдеттегідей жұмыс істеуде. Облыс әкімі жұмыс барысына байланысты қазір әкімшілікте емес. Таңертең ол инвесторлар үйінде жиналыс өткізуі керек еді, бірақ жұмыс кестесі бір-біріне сәйкес келмегендіктен, отырысты оның орынбасары Арыстан Қабикенов жүргізді",- деп Бақауовтың баспасөз хатшысы жауап берді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
16.01.2020
19.11.2019
18.10.2019
18.06.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930