USD 514.93
EUR 536.04
RUB 5.18
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

  • 19.июля.2021, 13:18,
  • 170

Ержан Иманслям бір жылға жуық уақыт бойы облыс орталығының әкімі қызметін атқарды. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов жаңа әкімді Павлодар ауданы активіне таныстырды. Облыс әкімі Ержан Иманслямның бірінші кезектегі міндеттерін атап өтті. 

Павлодар ауданының облыс орталығына жақын орналасуы бірқатар ерекше талаптарды алға тартады, - деді аймақ басшысы.


- "Біріншіден, бұл Павлодардың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету. Ал ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде және басқа салаларда қайта өңдеу бағытын жалғастыру қажет. Екіншіден, аймақтық орталықтың жоқтығын ескере отырып, тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау және оның үнемі жақсаруын қамтамасыз ету маңызды.Ең бастысы, кез-келген мемлекеттік қызметтер, әкімдіктердің аудан тұрғындарымен, әсіресе сіздің жеке қызметіңізбен кез-келген жағдайда өзара тұрақты, ашық диалог қағидаттары негізінде жүзеге асырылуы керек. Аудан тұрғындары өз әкімін жекелей білуі тиіс, онымен қалай байланысқа түсуін білуі керек, әкімдіктен көмек керек болған жағдайда онымен байланыса алуы керек", - делінген облыс әкімінің сөзі келтірілген Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.


Айта кетсек, 2011-2013 жылдары Ержан Иманслям Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы, 2013-2014 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды. Ал 2020 жылы шілдеде Павлодар қаласының басшысы болып тағайындалған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.06.2021
19.05.2021
08.04.2021
15.12.2020
21.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031