Отандық олимпиадашылар Олимпиада ойындарына қазақстандық және шетелдік мамандар арнайы дайындаған киімімен аттанады. "Salta" брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова олимпиадалық киімнің салтанатты формасының дизайнері болды. Қазақстандық спортшыларға арналған спорттық форманы испандық Joma компаниясы жасады.
Токиоға арналған жиынтықты дайындауда спортшыларға дизайн, маталар мен тігін бұйымдары бойынша шешуші таңдау берілді. Осы жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің жетекші спортшылары олимпиадалық киімді таңдауға арналған сауалнамалар, презентациялар мен кездесулерге қатысты.
"Әрбір спортшы үшін Олимпиада ойындары - бұл спорт мансабындағы ең маңызды оқиға, арманға бастаған, ұзақ жылға созылған қажырлы жаттығудың нәтижесі. Олимпиаданы кейінге қалдыру, бәсекелестік тәжірибенің болмауы, іріктеу турнирлерін кейінге қалдыру немесе оларды күнтізбеден алынып тасталуы сынды оқиғалар былтырдан бері Токио Олимпиадасы шеңберінде белгізіздік болды. Бүгінде біздің міндетіміз - оларға барлық жағынан, соның ішінде олимпиадалық киім сияқты мәселелерде барынша қолайлы жағдай жасау. Сондықтан, 35 спортшыдан тұратын комиссия форманы таңдау құқығын алды және олар өздері Токиода оларға киюге не ыңғайлы болатынын анықтады", - деп пікір білдірді Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Олимпиадалық форма қандай болатынын таңдамас бұрын, спортшылардың өздерінен пікір сұрады. Біз маталарды таңдауға қатысып, эскиздерді талқыладық, ұсыныстар жасадық. Олимпиада ойындарында сыртқы келбет қана емес, сонымен қатар форманың да маңызы да зор, - дейді Елдос Сметов.
Олимпиада формасының дизайнері Салтанат Баймұхамедова.
Парадтық форманы спортшылар Олимпиада ойындарының ашылу парады және басқа да салтанатты шаралар кезінде киеді. Киім формасының тұжырымдамасы біздің қазіргі заманғы мәдени үйлесімді көрсетеді. Қазақстан бүгінде - бұл біздің елдің көрнекті өкілдері жүзеге асыратын дәстүрлі және ультра модернизмнің, инновацияның, қарқынды дамудың, мәдени және спорттық экспансияның бірегей стилі.
Спорттық киімнің өндірушісі, испандық Joma бренді спорттық жабдықтарды жеткізушілер арасында кең танымал. Компания нарықта 55 жылдық тарихы бар және 120 елге өнім жеткізеді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Joma Олимпиадаға қатысушылардың 10% киіндірген және компанияның пікірінше Токиода олардың саны 15% дейін өседі. Пандемия мен өндірістік байланыстардың бұзылуы жағдайында Joma Қазақстанмен арнайы жеңілдік шарттарымен ынтымақтастықта болып, клиенттердің барлық талаптарын уақытында орындай алуы маңызды. Олимпиадалық киімнің толық жиынтығында бірнеше ондаған заттар бар, салтанатты костюмдерден бастап сөмкелер мен рюкзактарға дейін бәрі қамтылған.
Маталарды таңдағанда жылдың осы уақытындағы Жапонияның климаттық ерекшеліктері де ескерілді. Олимпиаданың киімдері ауа өткізгіш, ылғалды сіңіреді, тез кебеді және аллергия тудырмайды. Жинақ қазақстандық олимпиадалық спорт түрлерінің бүкіл әлемге жолдауы ретінде жасалған. Көйлек формасының негізгі түстері көк, көгілдір және ақ түсті. Бұл палитра киім және аксессуарлар өндірушілерінің сән үрдістерін зерттейтін Next Look халықаралық зерттеу компаниясының ұсынысы бойынша таңдалған.
Спортшылар Токиоға 16 шілдеде ұшады. Олимпиада алдында ұлттық құрама Олимпиада базаларында екі апталық карантинде болады.
#спортшылар #киім #Олимпиадаойындары